Қазақстандағы зомбылық экстремизмінің алдын алудың саяси-басқарушылық аспектілері
Қаралымдар: 20 / PDF жүктеулері: 6
Кілт сөздер:
зомбылықтық экстремизм, террорризм, радикализацияның алдын алу, дерадикализация, джихадистік идеология, сотталғандарды реабилитациялауАңдатпа
Экстремизм мәселесі қазіргі Қазақстанның қауіпсіздігіне төніп тұрған басты қатер болып есептеледі. Бұл азаматтардың джихадизм идеологиясы ықпалымен радикалдануы жағдайларының таралуымен және соның нәтижесінде елдің іші мен сыртында қылмыстық әрекеттердің орын алуымен байланысты. 2011 жылдан бері түрлі экстремистік актілердің нәтижесінде елде 100-ге жуық адам қайтыс болды және ресмимәліметтерге сәйкес 500-ден аса адам Сирия мен Ирак территориясына өтіп кетті.
Бұл оқиғалар мемлекет тарапынан өзінің әкімшілік, ақпаратық және қаржылық ресурстарын мобилизациялауына алып келді. Зомбылықтық экстремизмге қарсы тұруға бағытталған жаңа саяси-құқықтық негіздеме жасау үшін бірнеше заңнамалық өзгерістер енгізілді.
Сонымен бірге, Қазақстандағы экстремизмнің алдын алу саясаты әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен, бұл саясаттың концептуалдық негіздемесін қайта қарастыру қажет. Қатерлі топтармен жұмыс істеу
барысында азаматтардың дін бостандығына деген конституционалды құқығын қамтамасыз ету маңызды. Осылайша, экстремизмнің алдың алу мен діни саясатты екі бөлек жүзеге асырған жөн.






