Қазақ әйелінің сәйкестігі: әлеуметтік мәртебесі мен ұлттық бас киімі
Қаралымдар: 18 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
ұлттық сәйкестік, табу, әдет-ғұрып, салт, әлеуметтік мәртебе, өзін-өзі тану және сәйкестендіру, діни сәйкестікАңдатпа
Осы мақалада ұлттық сәйкестігі мен қазақ әйелінің әлеуметтік мәртебесінің өзара байланысы, солармен қатар, әйел бас киімдеріне байланысты табу мен салттары қарастырылады. Осы жұмыстың мақсаты: әйелдердің ұлттық бас киімдеріне байланысты табу мен салттарын талдау арқылы қазақ қоғамындағы әйелдің әлеуметтік мәртебесін зерттеу. Осы зерттеуде құжаттарды зерттеу әдісі мен индукция және дедукция әдістері қолданды. Әйелдің бас киіміне қатысты символикалық және салттық құрамдас бөліктері мен қазақ қоғамындағы әйелдің әлеуметтік мәртебесі өзгеруінің (қыз бала, бойжеткен қыз, қалыңдық, тұрмысқа жаға шыққан жас келін, жас ана және ру анасы) өзара байланысы анықталды. Әйелдердің ұлттық бас киімдеріне
байланысты табу мен салттары қазақ елінің ұлттық сәйкестігінің ажырамас бөлігі болып танылады және қазақ қоғамындағы әйел-ана мәртебесінің жоғары болғанын куәландырады.






