Экстремисттік идеологияны қалыптастыру және трансформациялау үдерістердің барысында радикалды монотеизм қағидасының іске асырылуы (ИМ-тің мысалында)
Қаралымдар: 18 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
идеология, идеологияны қалыптастыру және трасформациялау, әскери экспансия, радикалды монотеизм, табу, өзін-өзі сәкестендіру, күш көрсетуді заңдастыруАңдатпа
Осы мақалада халықаралық лаңкестік ұйымының - ИМ (ислам мемлекетінің)
идеологиялық құрамдас бөлігі – ұйым әрекеттерінің әртүрлі түрлерін, солардың ішінде, идеологиялық және әскери экспансиясын іске қосатын қозғаушы механизмі ретінде қарастырылады. Монотеизмнің радикалды түсіндіріру әдісі мен осы әдісте негізделген радикалды ислами ілімдердің топтық мақсаттары мен құндылықтары және өзгеше ойды ұстанушыларға қарсы күш көрсетіп, оларға зорлық-зомбылық қолданғануды дәлелдеу, заңдастыру және өз әрекетінде оны қолданумен бірге экстремисттік идеологиясын қалыптастыру және трансформациялау үдерістерінің арасындағы өзара байланысты зерттеу - осы жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы зерттеуде құжаттарды талдау әдісі, дескриптивтік әдіс, солармен қатар, сапалы мәліметтерді жинау және оларды талдап, түсіндіру қажеттілігіне байланысты индукция мен дедукция әдістері қолданылды. Осы зерттеудің нәтижелері арқылы радикалисттердің негізгі құндылықтары мен
радикалды топтамалар мүшелері қолданылатын заңға қарсы әрекеттерін заңдастыру үдерісінің арасындағы байланыс айқындалды.






