Америка Құрама Штаттарында жоғары кәсіптік білім беруді бақылау мен бағалауды ұйымдастыру


Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • Ж.Г. Жакиянова Қазақстан инновациялық университеті

Кілт сөздер:

қызметті бағалау, ұйым, жоғары білім, бақылау, сапа, аккредитация, ранжирлеу, Америка Құрама Штаттары

Аңдатпа

Мақалада автор жоғары оқу орнының тиімді жұмыс істеуі үшін оның жағдайы
және даму ерекшеліктері туралы шынайы және толық ақпараттың болуы және үнемі жаңартылуы талап етілетінін атап өтті. Тұрақты диагностика - барлық өзгерістердің динамикасында бақылау жоғары оқу орнының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ғана емес, оның сапасын арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет.
Басқарудың табысты жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың бірі - жоғары оқу орнының қызметін бағалау рәсімін жүргізу арқылы мүмкін болатын кері байланыс болып табылады.
Біздің елімізде де, шетелде де жоғары оқу орындарының қызметін бағалау проблемаларына деген қызығушылықты арттыру қоғамның білім алуға деген сұраныстары әлдеқайда әралуандығымен байланыстыруға болады. Жоғары кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жоғары оқу орындарының жұмыс істеуін бағалауда жаңа тәсілдерді іздестіру қажеттілігін күшейтті.
Мақалада Америка тәжірибесі қарастырылған, атап айтқанда Америка Құрама Штаттарында жоғары кәсіптік білім беруді бақылау мен бағалауды ұйымдастыруға назар аударылған.
Материалдарды дайындау кезінде нормативтік құжаттар, отандық және шетелдік зерттеушілердің өзге де ғылыми еңбектері зерделеніп, талданды.
Автор американдық жоғары оқу орындары аккредитация жүргізу кезінде көпөлшемді зерттеулер жүргізеді. Аккредитация рәсімі ЖОО тарапынан ерікті шешім болып табылады және университет қызметінің сапасын одан әрі арттыру жолдарын анықтауға, жекелеген кемшіліктерді жоюға, жалпы білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жакиянова, Ж. . (2024). Америка Құрама Штаттарында жоғары кәсіптік білім беруді бақылау мен бағалауды ұйымдастыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 126(1), 49–59. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1943

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика