Қоғамдық сана ерекшеліктерін зерттеу (этноүрдістер)
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
әлеуметтік сана, этникалық фактор, өзіндік тұжырымдама, жаңғырту, білім, қарым-қатынас, мінез-құлықАңдатпа
Мақалада Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының қоғамдық сананың ерешеліктерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында алынған мәліметтер бойынша,
аймақта тұратын этнос және басқа да этникалық топ өкілдерінің арасында салыстырмалы
талдау жүргізілді. Негізгі тенденциялар мен айырмашылықтар анықталды. Тұрғылықты жеріне байланысты этникалық айырмашылықтарды төмендету үрдісін анықтады. Барлық өңірлерде анықталған этникалық топтардың негізгі айырмашылық факторлары: тіл, дін және респонденттердің азаматтығы, теледидардан ақпарат алу, елден кету жоспарлары, латын әліпбиіне өту қатынасы, сондай-ақ білім сапасы мен мүмкіндіктері. Осы зерттеудің нәтижелерін практикалық мақсаттарда қолдану бойынша жалпы ұсынымдар келтірілген.






