Ауыр психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған инклюзияның пропедевтикасы: А. Томатис әдісі бойынша аудио жаттығулардың мүмкіндіктері
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
А. Томатис әдісі бойынша аудиожаттығулар, RCDI-2000 ата-аналарға арналған сауалнама, психоневрологиялық бұзылыстар, пропедевтика, инклюзивті оқытуАңдатпа
Бұл мақалада ауыр психоневрологиялық бұзылулары бар балаға А. Томатис
әдісі бойынша TalksUp аппаратындағы аудиожаттығулардың көмегімен түзету жұмысының тиімділігін зерттеу нәтижелері келтірілген. Патологиясы бар баланы оқытуға дайындауда осы әдісті қолдану мүмкіндігі негізделген. Алынған түзету нәтижесі сипатталып, ол баланың эмоционалдық-ерік
процестерінің оң динамикасында, өзіне-өзі қызмет көрсету іскерлігінің деңгейін арттыруда, сөйлеуді, түсінуді жақсартуда және өз тілін жетілдіруде көрініс табады. Сыналушының тәртіптілік, дербестік, табандылық, ұйымшылдық, бастамашылық сияқты ерік қасиеттері қалыптасты. Зерттеу барысында баланың эмоционалдық фоны анағұрлым жағымды әсер қалдырды. Осы зерттеудің нәтижелерін психолог мамандар, дефектолог мамандар әртүрлі патологиясы бар балалармен жұмыс істеу кезінде тәжірибеде қолдануға болады.






