Жаһандану жағдайындағы әйелдердің халықаралық некелік көші-қоны


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Ж.А. Накипбаева Хаджеттепе Университеті

Кілт сөздер:

әйелдердің халықаралық некелік көші-қоны, шетелдік неке, қабылдаушы елдер және жіберуші елдер, әлеуметтанулық талдау, әлеуметтік-экономикалық факторлар

Аңдатпа

Мақалада ХХІ ғасырдың басынан көрсеткіші өсе бастаған әйелдердің халықаралық некелік
көші-қоны мәселесі қарастырылады. Еңбектің басты мақсаты – халықаралық әйелдердің некелік көші
қонының ерекшеліктерін, сонымен қатар осы үрдіске әсер ететін факторлар мен оның салдарын анықтау. Бұл ғылыми жұмыс тақырыпқа қатысты жүргізілген зерттеулер мен еңбектерді талдау барысында алынған мәліметтерге сүйенеді. Зерттеу жұмысында әйелдердің некелік көші-қонының себеп-салдар байланысы қарастырылды. Яғни, осы үрдіске әсер ететін негізгі факторлар, сонымен қатар көші-қонды қабылдаушы және жіберуші елдер үшін салдары талқыланды. Қорытынды бойынша әйелдердің некелік көші-қонында екі негізгі бағыт (мақсатты бағытталған және мақсатты бағытталмаған) айқындалды. Аталып отырған үрдіске әсер ететін факторлар көрсетілген екі бағыт бойынша жіктелді, яғни бағытталған некелік көші-қонға әсер ететін экономикалық, әлеуметтік-мәдени, демографиялық факторлар; бағытталмаған некелік көші-қонға әсер ететін құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтарды жеңілдетуге немесе экономикалық қиындықтардан құтылуға деген талпыныс факторлары анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Накипбаева Z. . (2024). Жаһандану жағдайындағы әйелдердің халықаралық некелік көші-қоны . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 125(4), 108–113. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1976

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану