БАОӨЖ сабақтарында критериалды бағалауды пайдалану жолдары
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Критерий, критериалды бағалау, Б.Блум таксономиясы, дескрипторлар, жетістік дәрежесіАңдатпа
Мақалада студенттердің БАОӨЖ сабақтарында критериалды бағалауды пайдалану жолдары қарастырылған. Критериалды бағалау ұғымының анықтамалары келтіріліп, оның оқыту мен бағалаудағы ролі көрсетіледі. Дұрыс құрастырылған бағалау критерийлері оқу материалын түсіну тереңдігін жан-жақты өлшеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мақалада 5В011300-Биология мамандығының 3 курс студенттерімен өткізілген «Өсімдіктер физиологиясы» және «Қолданбалы биология топырақтану негіздерімен» пәндері бойынша БАОӨЖ сабақтарында критериалды бағалауды қолдану әдістемесі ұсынылған. Студенттердің тақырып бойынша теориялық және практикалық білімін және оқу мақсаттарына жету дәрежелерін бағалауда Б. Блум таксономиясына сәйкес білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлері бойынша бағалау нұсқалары қарастырылған. Нәтижесінде бағалау критерийлері алдын - ала белгілі болғандықтан студенттің
жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланатынындығы туралы қорытынды жасалынады.






