Мектептерде биологияны оқытуда білім беру платформаларын қолдану ерекшеліктері
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
биологияны оқыту, платформа, теориялық, эмпирикалық, математикалық әдістерАңдатпа
Мақалада әлемде қалыптасқан короновирус пандемиясына байланысты
мәжбүрлі онлайн оқыту оқытушылардың алдына басқаша мәселе қойып, басқа көптеген тың білім мен біліктіліктерді игеруге себеп болды. Аз уақыт ішінде онлайн оқытудың қыр-сырын меңгеріп, сабақтың сапасы мен оқушылардың пәнге қызығушылығын нашарлатып алмау керек болды. Білім алушылардың қазіргі кезде биология пәніне деген қызығушылығы жеткілікті деңгейде қалыптаспаған, олар үшін әдеттегі сабақтарды тыңдау қызық емес, заманауи компьютерлік технологияларды қосу, сонымен қатар зияткерлік-шығармашылық ойлауды дамыту қажет. Сонымен қатар білім беру платформалары мұғалімдер үшін сәтті ақпарат көзі болып табылады, оның міндеті оқу процесіне материалды таңдау және енгізу болып табылады. Ұсынылып отырған мақалада мектептерде биологияны оқытуда білім беру платформаларын қолдану әдістемелерін дайындау және тиімділігін тәжірибе арқылы сынау зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында теориялық әдістер, эмпирикалық әдістер, математикалық әдістер қолданылған.






