Мектептерде биологияны оқытуда білім беру платформаларын қолдану ерекшеліктері


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • Ұ.С. Найман Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Б.М. Сағымбай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • А.Қ. Әбілтай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Р.Х. Курманбаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • А.Б. Үсенбай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Кілт сөздер:

биологияны оқыту, платформа, теориялық, эмпирикалық, математикалық әдістер

Аңдатпа

Мақалада әлемде қалыптасқан короновирус пандемиясына байланысты
мәжбүрлі онлайн оқыту оқытушылардың алдына басқаша мәселе қойып, басқа көптеген тың білім мен біліктіліктерді игеруге себеп болды. Аз уақыт ішінде онлайн оқытудың қыр-сырын меңгеріп, сабақтың сапасы мен оқушылардың пәнге қызығушылығын нашарлатып алмау керек болды. Білім алушылардың қазіргі кезде биология пәніне деген қызығушылығы жеткілікті деңгейде қалыптаспаған, олар үшін әдеттегі сабақтарды тыңдау қызық емес, заманауи компьютерлік технологияларды қосу, сонымен қатар зияткерлік-шығармашылық ойлауды дамыту қажет. Сонымен қатар білім беру платформалары мұғалімдер үшін сәтті ақпарат көзі болып табылады, оның міндеті оқу процесіне материалды таңдау және енгізу болып табылады. Ұсынылып отырған мақалада мектептерде биологияны оқытуда білім беру платформаларын қолдану әдістемелерін дайындау және тиімділігін тәжірибе арқылы сынау зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында теориялық әдістер, эмпирикалық әдістер, математикалық әдістер қолданылған.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Найман, Ұ. ., Сағымбай, Б. ., Әбілтай, А. ., Курманбаев, Р. ., & Үсенбай, А. . (2023). Мектептерде биологияны оқытуда білім беру платформаларын қолдану ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 205–212. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1573

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика