Дене шынықтыру мамандығы студенттерінің салауатты өмір салты мен өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейін зерттеу
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
дене шынықтыру және спорт, салауатты өмір салты, өмір сүру сапасы, Қазақстан, ТүркияАңдатпа
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының жариялаған дерегі
бойынша әлемдегі халық денсаулығының 49-50 %-ы өмір сүру салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, ал 17-20 %-ы қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Мақалада дене шынықтыру және спорт мамандығы студенттерінің салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыруына ықпал жасау мен студенттердің өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға байланысты жасалынған статистикалық талдаулар баяндалады. Респонденттердің салауатты өмір салты мен өмірге қанағаттану деңгейлерін анықтау мақсатында, Динер, Эммонс, Ларсен және Гриффин әзірлеген (1985) «Өмір сүру сапасы» шкаласы (өлшем) қолданылды. Ғылыми зерттеу жұмысына Гази университетінің «Дене шынықтыру және спорт оқытушылығы», «Спорт менеджменті», «Жаттықтырушылық» және «Спорттық сауықтыру» бөлімдерінде оқитын жалпы саны 245 (оның ішінде 121 ер бала, 124 әйел) білім алушы қатысты. Ғылыми зерттеу жұмысында респонденттердің сауалнамадан алынған нәтижелері көрсетілген. Жиналған мағлұматтар SPSS бағдарламасында талданып, кестелер түрінде енгізілді және талдау жасалынды.






