Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын ізгілікке бағыттай отырып тәрбиелеу


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • А.К. Рысбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

бастауыш сынып, оқушы, қарым-қатынас, ізгілік, оқыту, тәрбиелеу, мұғалім, мектеп

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын ізгілікке бағыттай отырып тәрбиелеу жолдары туралы қарастырылған. Қоғамның ілгері дамуы, техника мен технологиялық жетістіктер, қолжетімді ақпараттанудың өз пайдасымен қатар балалар мен жасөспірімдердің рухани- адамгершілік, қарым-қатынастың ізгілікті бағыты тұрғысында дамуына өз кері әсерін тигізіп жатқандығы да айқын. Сол себепті де қазіргі кезеңде Қазақстан үшін өскелең ұрпағының адамгершілік пен адалдықтан айнымаған, білімді де саналы, өз елінің нағыз патриоты болып өсуі үлкен
маңызға ие болып отыр. Осы мақсаттың жүзеге асуы үшін білім беру мекемелерінде оқушыларға сапалы біліммен бірге ізгілікті тәрбиені де ұштастыруымыз қажет екендігі айтылған және бастауыш сынып оқушыларына ізгілік тәрбие беру мәселесін зерттеуге үлес қосқан ғалымдардың тәжірибелеріне шолу жасалынған. Зерттеу тақырыбына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының ізгіліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы айтылған.

Жүктеулер

Жарияланды

17.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рысбаева, А. . (2023). Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын ізгілікке бағыттай отырып тәрбиелеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 135(2), 164–171. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1729

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика