Қазіргі қазақстандық қоғамдағы студенттік ұйымдардың рөлі мен ерекшелігі


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Д.К. Бурханова Әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті
  • А.Н. Нұрқанат Әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

студенттік ұйымдар, студенттік өзін-өзі басқару, белсенділік, әлеуметтік көшбасшылық, сабақтан тыс іс-шаралар, әлеуметтену

Аңдатпа

Мақалада студенттік қоғамдық ұйымдардың қызметі, оның рөлі мен жастардың әлеуметтік мәдениетін қалыптастыруға ықпалы талқыланды. Мақаланың мақсаты - заманауи қазақстандық қоғамның жоғары білім беру жүйесіндегі студенттік ұйымдардың рөлін зерттеу. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы студенттік ұйымдардың негізгі қызметін анықтау және жас қатысушылардың ынтасын зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері арасында студенттік ұйымдардың рөлін зерттеудің негізгі әдісі ретінде сауалнама қолданылды. Оның нәтижелері статистикалық талдау және деректерді талдау арқылы талданды. Әлеуметтанулық зерттеу материалдары негізінде студенттермен тәрбие жұмысын жүзеге асыруда студенттік ұйымдардың рөлі мен өзектілігі анықталды. Мақаланың теориялық және практикалық маңыздылығы студенттік ұйымдардың ерекшеліктері мен әлеуметтік институт ретінде студенттік өзін-өзі басқарудың мүмкіндіктері талданып жатқандығы болып
табылады.
Зерттеу нәтижесі бойынша авторлар студенттер көп жағдайда студенттік ұйымдарға жаңа қарым-қатынас орнату үшін және болашақта мансап жасауға мүмкіндік алу үшін мүше болып кіретіндігін анықтады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бурханова D. ., & Нұрқанат A. . (2024). Қазіргі қазақстандық қоғамдағы студенттік ұйымдардың рөлі мен ерекшелігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 133(4), 226–235. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1804

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану