Физикалық құбылыстарды оқытуда модельдеу әдістерін қолдану


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • С.Н. Нуркасымова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • А.К. Мукашева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

физикалық құбылыстарды модельдеу, модельдеу технологиясы, негізгі элементтері, формалары

Аңдатпа

Физика пәнін оқытуда физикалық есептерді модельдеу әдістері жаңа мәселелерді зерттеу кезінде ұғымдардың мазмұны мен көлемінің ұлғая түсетінін қарастырылады. Сонымен қатар, есептерді модельдеу - барынша кең, әрі терең мазмұнмен толықтырылатынын көрсетеді. Физиканы
оқытудағы міндеттерінің бірі – оқыту процесінде білім алушыларға материалистік көзқарасты қалыптастыру және оны дамыту болып табылады. Мұндағы негізгі мәселелердің бірі – оқу орындарында білім алушыларды
танудың диалектикасымен таныстыру. Модель жасау танудың керекті кезеңдерінің бірі деуге болады. Білім алатын ортада оқытылатын физика курсында бір физикалық процестің өзінен бірін-бірі толықтырып отыратын бірнеше модель жасау пайдалы болатынын көрсетеді. Модельдеу дегеніміз –
қарастырылып отырған құбылысқа барлық ұқсастық жағынан сәйкес келетін құбылысты жасау деген сөз. Модельдеу - гносеологиялық тұрғыдан алғанда кез келген шын заттың адам ойында шағылуы деуге болады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нуркасымова, С. ., & Мукашева, А. (2024). Физикалық құбылыстарды оқытуда модельдеу әдістерін қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 126(1), 96–103. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1948

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика