Жоғары оқу орындарында оқытудың инновациялық технологияларын қолдану жолдары
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Инновациялық технологиялар, таным сапасы, құзіреттілік, интерактивті оқытуАңдатпа
Білім беру кеңістігіндегі жаңғырту тек компьютерлендірумен шектелмейді. Таным сапасын
тереңдетіп күшейту, ынталандыру үшін оқу үрдісінде білім алушы пен оқытушы арасындағы өзара байланыс
аса маңызды.
Жаңа инновационные технологиялар, оқыту технологиясы жүйе ретінде оқытудың құралдарын,
формаларын және әдістерін ұсынып педагогтар үшін білім алушылардың қазіргі заманғы қажеттіліктерін
қанағаттандыруға үлкен мүмкіндіктер беріп отыр.
Бұл ретте пайдаланылатын оқу және оқу әдістемелік құралдар мен түрлі бағдарламалық өнімдер — білім
берудегі маңызды интерактивті элементтер, әсіресе жаратылыстану ғылыми пәндерді оқытуда маңызды.
Мақаладағы зерттеу нысаны білім алушылардың оқу қызметі мен қалыптастырылған білім беру кеңістігінің
динамикалық өзара байланысы, жылдам жетілдірілген, көпдеңгейлі оқу және көпфункционалды жүйені
біріктіретін әдістемелік-педагогикалық технологиялар, ақпараттық ресурстар мен қазіргі заманғы оқу, оқу
әдістемелік және бағдарламалық құралдар. Инновациялық технологиялар білім алушының оқуда жеке
материалды оқу қарқынын ғана емес материалды зерделеу және қабылдау типтерін дарландыруға мүмкіндік
береді деген қорытынды жасалды. Білім беру кеңістігінде инновациялық технологиялар білім алушылардың
оқу материалдарын өз бетінше іздеу, проблемалық сұрақтарға жауап табуына көмекке жүгінуге мүмкіндік
береді.
Ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік қатысушылардың қызметін жандандыру білім беру кеңістігіндегі
инновациялардың негізгі қозғаушы күші.






