Инклюзивті білім беруде естуі бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үлгісі


Қаралымдар: 154 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • А.Б. Мұқашева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
  • М.Б. Бақытжан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Кілт сөздер:

инклюзивті білім беру, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, кешенді сүйемелдеу, естуі бұзылған оқушылар, ерекше білімді қажет ететін балалар

Аңдатпа

Мақалада білім беру процесінің барлық субъектілері мен ерекше білімді қа
жет ететін балалардың өзара тиімді əрекеттесуін қамтитын инклюзивті білім беруде естуі бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үлгісі ұсынылған. Біржағынан естуі бұзылған балалардың, екінші жағынан мұғалімдердің жəне қалыпты еститін құрдастарының қарым-қатынастарын ұйымдастыру əдістері қарастырылған. Естуі бұзылған, соның ішінде нашар еститін оқушыларды психологиялық-педагогикалық табысты сүйемелдеу ұсыныстары берілген. Инклюзивті білім беруде естуі бұзылған оқушыларда жиі туындайтын мəселелерді шешу жолдары сипатталған.
Мақала мазмұнында авторлар естуі бұзылған оқушыларды сүйемелдеу ерекшеліктерін талдай отырып, педагог-психолог маманының қызметінің негізгі бағыттарын айқындаған. Инклюзивті білім беруде педагог-психологтің жұмысы маңызды, себебі ол ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың оқу үрдісінде ортаға сəтті кірігуіне, оқуға деген ынталарының артуына, эмоционалды қажуларын жеңуге, мұғалімдермен жағымды қарым-қатынас орнатуға, сыныптастарының арасында бауырмашылдық, толеранттылық сезімдерінің қалыптасуына көмектеседі жəне олардың ата-аналарына ерекше білім беруді қажет етететін балаларды тəрбиелеу бойынша бағыт-бағдар береді.

Жүктеулер

Жарияланды

13.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мұқашева, А. ., & Бақытжан, М. . (2023). Инклюзивті білім беруде естуі бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үлгісі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 140(3), 257–267. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1490

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика