«Lesson Study» зерттеу құралын STEM бағыттарын математикада қолдану үшін модел ретінде пайдалану
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 6
Кілт сөздер:
STEM бағыттары; STEM оқыту; математикадағы STEM; интеграциялық оқыту; Lesson Study; Массачусетстік технология; ұлттық стратегияАңдатпа
Мақалада жаратылыстану ғылымдары мен инженерлік ұғымдарды
түсінуге негіз болатын кейбір элементтерді мектеп математика курстарына кіріктіру арқылы STEM сабақтарын өткізудің ғылыми-практикалық əдістемесін енгізудің жолдары қарастырылған. Әртүрлі саладағы ғылыми ақпарат көздерінің сағат санап ұлғаюына байланысты оқушылардың ойлау дағдыларын дамытудың оңтайлы жолдарын қарастыру бүгінгі таңда өте өзекті мəселе болып отыр. Оқушылардың зерттеушілік жəне технологиялық əлеуетін нығайтуға, сыни, ғылыми инновациялық жəне шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту, проблемаларды шеше білу, коммуникация жəне топтық жұмыстарды жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа пəнаралық оқытудың тиімділігі жайлы соның негізінде баяндалған. Сондықтан орта мектеп бағдарламасындағы пəндер бойынша оқушылардың өзіндік жұмыстардың рөлін күшейтуге, олардың теориялық білімінің аясын кеңейтуге ерекше назар аудару қажет. Оқушылар мектеп қабырғасында алған теориялық білімдерін практикада қолдана білулері тиіс. Сабақ өту барысында пəндерді өзара байланыстыра оқыту оқушылардың білімдерін тереңдетуге жəне нақтылауға ықпал етеді. Мақалада математикадағы STEM-ды сабаққа жаңа кешенді тəсіл ретінде сипаттайды. Математика сабағына STEM білім беру жүйесін кіріктіру үшін «Lesson Study» зерттеу құралын қолданудың нəтижесі туралы мысалдар келтірілген. STEM білім беру енгізу негізіндегі «Lesson Study» зерттеу технологиясын қолдану айналасында «Тəжірибедегі рефлексия» мектепішілік кəсіби даму курсында мұғалімдердің бірлескен жұмысын жүзеге асыру нəтижесі көрсетілген.Зерттеу жұмысының артықшылықтарымен кездескен проблемалар талқыланып, жүргізілген эксперимент нəтижелері бойынша тұжырымдамалар мен қорытындылар жасалынып, нұсқаулықтар берілген.






