Студенттердің интернетті шамадан тыс пайдалану мәселесі
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), студенттер, интернет, әлеуметтік желілер, когнитивті процестер, гаджет, тәуелділікАңдатпа
Бүгінгі таңда Интернетті қолданудың кең ауқымдылығы сонша, жаһандық ақпараттандыру мен компьютерлендірудің жеке психологиялық және әлеуметтік салдары туралы мәселені көтеру маңызды болды. Интернетті шамадан тыс пайдалану мәселесін зерттеудің қазіргі кезеңіндегі негізгі мәселе қолданбалы зерттеулер барысында алынған нәтижелерді теориялық тұрғыдан түсіну, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың когнитивті процестерге әсерін зерттеудің одан әрі перспективаларын анықтау болып табылады. Әлеуметтік желілердің когнитивті процестерге әсерін зерттеу үшін студенттердің желілік кеңістікте өткізетін мақсаттары мен уақыттары зерттелінді. Ақпаратты жинаудың негізгі әдістері байқау, сауалнама, сұрақ қою әдістері қолданылды. Зерттеу барысында студенттердің интернпен қолданатын мотивтері мен ұзақтығы, әлеуметтік желілерді пайдалану жиілігі, онлайн заттар мен қызметтерді тұтыну, мультимедиялық контентті өндіру және т.б. анықталды. Әлеуметтік желілермен қолдану уақытын шектеу мәселе болып анықталды. Осылайша, бос уақытты пайдалы және өнімді дамытудың өзектілігі көрсетілді. Интернетке, атап айтқанда әлеуметтік желілерге (Instagram, TikTok, Telegram және т.б.) психологиялық тәуелділік қазіргі мінез-құлық контекстінде және соңғысының бір түрі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларға тәуелділік ретінде қарастырылады.






