Жас ерлі-зайыптылар жұбындағы әйелдердің психологиялық автономиясының зорлық-зомбылық көріністерімен байланысы
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
некелік зорлық-зомбылық, жұптағы зорлық-зомбылық, некелік қатынас, психологиялық автономия, жақындық, тұлғааралық тәуелділік, МЕН дифференциациясы, тұлғалық кемелділікАңдатпа
Дүние жүзіндегі некелік қатынастардағы зорлық-зомбылық өзекті мәселеге айналуда. Мақалада некелік серіктестің зорлық-зомбылық формаларының жас әйелдердің психологиялық автономиясымен байланысын, оның ішінде оның тұлғаішілік (МЕН дифференциациясы және тұлғалық кемелділік) және тұлғааралық (тұлғааралық тәуелділік және жақындық стилі) аспектілерін талдауға арналған эмпирикалық зерттеу ұсынылған. Әйелдің психологиялық автономиясы мен некелік серіктестің зорлық-зомбылық деңгейінің сызықтық емес байланысы анықталды. Автономияның ең конструктивті
емес үлгілері зорлық-зомбылықтың орташа (төмен) деңгейі бар отбасыларда көрінеді. Ерлі – зайыптылардың зорлық-зомбылық деңгейіне байланысты әйелдердің жақындық сипаттамалары, ең аз дәрежеде - МЕН дифференциация сипаттамалары ерекшеленеді. Зорлық-зомбылық деңгейі әртүрлі отбасыларда зорлық-зомбылық деңгейі мен әйелдің автономиясы арасындағы нақты қатынастар байқалады. Жалпы, зорлық-зомбылық деңгейі төмен болған кезде жақындық / автономия дәрежесін реттеуге бағытталған неғұрлым белсенді реакциялар, зорлық – зомбылықтың орташа деңгейінде – қашықтыққа және автономияны күшейтуге реакциялар, жоғары деңгейде (орташадан жоғары) - неғұрлым пассивті және тәуелді реакциялар байқалады.






