ЖОО студенттерінің көптілді білім алуы мәдениетаралық қарым-қатынастың тиімділік факторы ретінде


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Д.Д. Джантасова Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
  • Ж.М. Тентекбаева Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Кілт сөздер:

үштілді білім беру, мəдениаралық қарым-қатынас, тілдердің үштұғырлығы, тілдік білім беру, ұлтаралық қарым-қатынастар, үштілді тұлға

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында көптілді білім беру маңызды стратегия және мемлекет дамуының басты бағыттарының бірі болып табылады. Авторлар көптілді білім берудің табиғатын, оның Қазақстан Республикасында өзектілігін, қазіргі тілдік тұлғаны дамыту контекстіндегі тілдердің қызмет
ету мәселелерін қарастырады. Қазақстанның көптілді білім беру ортасында тілдік тұлғаны қалыптастыру принциптері мен тілдік білім берудің басымдықтары атап өтіледі, осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар салыстырылады. Мақалада тілдік дайындықтың мәдениаралық парадигмасына сәйкес бір немесе бірнеше шет тілі саласындағы жүйелендірілген білім, білік және дағды қамтылған көптілді білім беру мазмұны қарастырылады. Авторлар мәдениетаралық қарым-қатынас тиімділігінің факторларын атап көрсетті. Бірнеше тілді бір мезгілде меңгеру негізінде тұлғаны оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың үш тұғырлы процесі көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Джантасова D. ., & Тентекбаева Z. . (2024). ЖОО студенттерінің көптілді білім алуы мәдениетаралық қарым-қатынастың тиімділік факторы ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 130(1), 53–58. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1858

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика