Биология мамандығы студенттерінің көптілді білім беру барысындағы білім деңгейінің динамикасы


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Л.Б. Раманова Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • С.Ж. Ибадуллаева Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • Н.С. Ауезова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Кілт сөздер:

Білім дамытуға арналған әдістер, білім беру стандарты мониторинг, меңгеру, бейімделу, стратегиялар

Аңдатпа

Мақалада көптілді білім беруді ұйымдастыру педагогикалық заңдар мен заңдылықтар бойынша жүргізілетіні көрсетілген. Көптілді білім беру қазіргі күн талаптарының бірі болып отыр. Білім жүйесінде қарастырылған негізгі мәселелердің бірі -жоғарғы оқу орындарындағы көптілділікті дамыту үшін биология мамандығында пәндер жүйесі жасалып, оқу-әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылды. Көптілді білім беретін пәндер бойынша студенттердің білім деңгейінің динамикасына зерттеу жүргізілген.
Көптілді білім беру топтарында пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы қарастырылды. Студенттердің
көптілді білім беру ортасындағы оқу жұмысына бейімделуін анықтау үшін көптілде оқылатын пәндердің
сынақ-емтихан ведомостері салыстырылды. Бұл оқу ортасына бейімделудің сыртқы, объективті критерий
ретінде қарастырылды. Зерттеу бойынша алынған нәтижелерге талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері
студенттердің көптілді білім беру ортасындағы оқу жұмысына бейімделуі жоғары болғандығын көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Раманова, Л., Ибадуллаева, С., & Ауезова, Н. . (2024). Биология мамандығы студенттерінің көптілді білім беру барысындағы білім деңгейінің динамикасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 124(3), 104–108. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1994

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика