Қазақстан Республикасының паралимпиадалық спортшыларын психологиялық қолдау моделінің әдістемелік негіздері
Қаралымдар: 82 / PDF жүктеулері: 0
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы паралимпиада спортының дамуының өзектілігі мен парадигмасы көрсетілген, паралимпиадашыларды психологиялық қолдау жүйесін құрудың өзекті қажеттілігі
бар екені атап өтілді. Мұндай жүйенің авторлық моделі ұсынылған, интеграциялық көзқарас тұлғаның
ішкі психологиялық әлеуетін өзектілендіру мәселесін шешудің заманауи тенденциясына сәйкес келеді.
Психикалық шиеленіс пен стрессті тудыратын, өмірлік белсенділік деңгейін төмендететін сыртқы және
ішкі кедергілерді жеңу механизмдерін түсіндіре отырып, негізгі ұғымдарды теориялық талдаудың нәтижелері берілген. Тұжырымдамаларды талдау негізінде паралимпиада спортшыларын психологиялық
қолдауды практикалық ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негізі ретінде негізгі ережелер
анықталды.