Студенттерде жетістікке жету мотивациясының көріну ерекшеліктері


Қаралымдар: 27 / PDF жүктеулері: 22

Авторлар

Кілт сөздер:

студенттер, жетістікке жету, жетістікке жету мотивациясы, жетістікке жетуге деген қажеттілік, өзіндік анықталу, өмірлік жоспар, өзіндік рефлексия, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысы, іштей қанағаттанушылық.

Аңдатпа

Мақалада студенттердің жетістікке жету мотивациясының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі сипатталынады. Теориялық зерттеулер негізінде студенттердің жетістікке жету мотивациясы әртүрлі факторларға байланыстылығы зерделенеді. Ең алдымен, академиялық жетістіктері мен табандылық, мақсатқа талпынушылық, күрделі математикалық тапсырмаларды орындаудағы жетістіктерімен байланыстылығы анықталса, оған қоса, студенттердің өзін-өзі анықтауы, өмірлік жоспар құруы, өзіндік рефлексия әрекеттері, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысы және мақсатына іштей қанағаттанушылығы жетістікке жетуге деген мотивациясының көріну ерекшелігін сипаттайды. Оған қоса, жетістікке жету мотивациясының білім алушылардың жас ерекшелігіне байланысты өзгерістерге ұшырайтындығы дәйектеледі.

Қазақстанның түрлі қалаларында жоғары оқу орындарында оқитын әртүрлі мамандықтардың жетістікке жету ерекшеліктерінің көріну сипаты беріледі. Жетістікке жетуге деген қажеттілік деңгейлері бойынша сипаттама беріле отырып, зерттелінушілердің әлеуметтік-психологиялық деректері негізінде көріну ерекшеліктері анықталады. Эмпирикалық зерттеуден алынған нәтиже бойынша жетістікке жетуге деген қажеттілік деңгейлері ұлдар мен қыздар арасында, әртүрлі жасқа байланысты, сондай-ақ мамандық бағыттары бойынша өзгешеліктері бар екендігі көрсетіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ертукешова, Г., Байжуманова , Б., Туякова, . У., & Инозу , М. (2024). Студенттерде жетістікке жету мотивациясының көріну ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 538–554. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/552