Әлеуметтанулық сауалнама негізінде Петропавл қаласы урбоэкожүйесі қоршаған ортасының жай-күйін анықтау


Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 68

Авторлар

Кілт сөздер:

урбоэкожүйе, әлеуметтанулық сауалнама, қоршаған орта, экологиялық жағдай, көгалдандыру, орналасу, сауалнама

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтанулық сауалнама негізінде Петропавл қаласының урбоэкожүйесіндегі қоршаған ортаның жай-күйін анықтауға бағытталған зерттеу нәтижесі келтірілген. Зерттеу Google Forms платформасында қала тұрғындары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама әдісін қолдана отырып жүргізілді. Зерттеудің негізгі мақсаты Петропавл қаласы тұрғындарының алдында тұрған өзекті экологиялық проблемаларды анықтау болды. Сауалнама нәтижесінде алынған деректерді талдау экологиялық мәселелер қала тұрғындарының санасы мен күнделікті өмірінде маңызды орын алатыны анықталды. Респонденттердің 90%-дан астамы қаланың қазіргі экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдірді. Олардың жауаптарында Петропавл қаласында айқын экологиялық проблемалардың болуын көрсететін жағымсыз сипаттар басым болды. Бұл тұрғындар үшін  экологиялық проблеманың өзектілігін және оған шұғыл араласудың қажеттігін көрсетеді. Зерттеу барысында қаланың экологиялық жағдайына тікелей әсер ететін қалалық ортаны жоспарлаудың кейбір мәселелері анықталды. Бұл нәтижелер экологиялық аспектіні ескере отырып, қалалық инфрақұрылымды мұқият жоспарлау және басқару қажеттілігін көрсетеді. Осы деректерді талдау Петропавл қаласында өмір сүру сапасын жақсарту үшін экологиялық тұрақты шешімдерді әзірлеу мен енгізудің маңыздылығын дәлелдейді.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дмитриев, П., Гах, И., & Фомин, И. (2024). Әлеуметтанулық сауалнама негізінде Петропавл қаласы урбоэкожүйесі қоршаған ортасының жай-күйін анықтау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 436–449. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/611

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану