Қала тұрғындарының ментальды саулығы мен қаланың экологиялық жағдайын кеңістіктік репрезентациялары арасындағы байланыстарының әлеуметтік-психологиялық аспектілері


Қаралымдар: 34 / PDF жүктеулері: 23

Авторлар

Кілт сөздер:

урбанизация, ментальды саулық, қала кеңістігінің әлеуметтік-психологиялық репрезентациясы, қалалық ортаның экологиялық жәй-күйі.

Аңдатпа

Мақалада қалалық кеңістіктік ортаның экологиялық жай-күйін репрезентациялауға байланысты Астана қаласы тұрғындарының ментальдік саулығының әлеуметтік-психологиялық феномені қарастырылады. Қала тұрғындарының санасында қалалық кеңістіктік ортаның экологиялық жағдайын репрезентациялау ерекшеліктері олардың ментальдік саулығынымен байланысты, олардың қалада тұру уақытына, қаланың әртүрлі аудандарында тұратын жеріне, тұрғындардың білімі мен әлеуметтік-іскерлік мәртебесіне байланысты. Бұл зерттеуде қарқынды урбанизация жағдайында адам мен оның айналасындағы қалалық ортасымен өзара әрекеттесудің психологиялық, урбоэкологиялық және экологиялық-психологиялық мәселелері бойынша теориялық талдау өткізілді.

Қазақстан Республикасының елордасында – Астана қаласында урбанизацияның қарқынды кезеңі байқалады. Осыған байланысты қала мәселелерін шешуде пәнаралық тәсіл басым болып келеді және онда қаланың нақты әлеуметтік-психологиялық мәселелерін қарастыру үлкен рөл атқарады. Урбанизация салдарынан қала тұрғындары өздерінің психикалық денсаулығында көрінетін жағымсыз әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерді пайда болады, мысалы, маргинализациялану, аномия, апатия, қалалық стресс, агрессивтілік, қала тұрғындарының эмоционалды немесе әлеуметтік жалғыздығы, анонимділік және т. б. Осындай жағдайда бұл тұрғылықты жердің экологиялық жай-күйіне байланысты қала тұрғындарының ментальдік саулығы демографиялық және әлеуметтік факторлардан қалалық орта сапасының және жалпы қала тұрғындарының өмір сапасының пәрменді индикаторы болып табылады. Сонымен қатар, тұрғындардың өздері қалалық кеңістікті және қаладағы өмірін жақсартудың субъектілері болып табылады. Зерттеу нәтижесінде авторлар қалалық тұрғындардың ментальдік саулығы мен әлеуметтік-психологиялық-экологиялық қабылдау ерекшеліктерінің диагностикасын жүргізді, зерттеу қорытындылары анықталды және осы құбылысты одан әрі зерттеу бойынша ұсыныстар айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сагинов, К., Берденов, Ж., & Инкарова, Ж. . (2024). Қала тұрғындарының ментальды саулығы мен қаланың экологиялық жағдайын кеңістіктік репрезентациялары арасындағы байланыстарының әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 606–629. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/675