Халықтың кедейлігі мен әл-ауқат деңгейін бағалауға арналған эмпирикалық құралдар жинағы (Өзбекстан тәжірибесі)


Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 55

Авторлар

Кілт сөздер:

әлеуметтік қорғау, кедейлік, әл-ауқат, әлеуметтік тәуекелдер, әлеуметтану

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін Өзбекстандағы халықтың әл-ауқаты мен кедейлік деңгейін бағалауға арналған эмпирикалық құралдар талданды. Мақалада қазіргі тәжірибені сыни және аналитикалық зерттеу және осы саладағы проблемалық нүктелерді анықтау арқылы әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттырудың өзектілігі алға тартылады. Социологиялық зерттеулердің алдында Өзбекстандағы кедейлікті азайту және әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділік факторларын әлеуметтанулық бағалау мен мониторингті жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу міндеті тұрды. Зерттеудің репрезентативтілігі жүйеленген сипаттағы кездейсоқ іріктеу негізінде қамтамасыз етіледі. Даралық зерттеулер үшін келесі әдістер: сараптамалық бағалау және онлайн сауалнама, әлеуметтанудағы сандық және сапалы әдістер кең қолданылды. Сараптамалық бағалау шеңберінде кедейлікті азайту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы 70-тен астам сарапшылардан сұхбат алынды. Онлайн сауалнамаға Өзбекстан Республикасының 14 өңірінен 1200-ден астам респондент қатысты.

Өзбекстандағы әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттің институционалдық саласы болып табылады. Бұл жүйе қоғамның даму стратегиясын көрсетеді және адам мен қоғам мүдделерінің кепілі болып табылады. Әлеуметтік қорғау әлеуметтік саясаттың мақсаттарына сәйкес елдің әлеуметтік-экономикалық ресурстарының ұтымды бөлінуін анықтайды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Хусанова, Х. (2024). Халықтың кедейлігі мен әл-ауқат деңгейін бағалауға арналған эмпирикалық құралдар жинағы (Өзбекстан тәжірибесі). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 461–471. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/724

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану