Оқушылардың бойында ұлтжандылық сезімін аймақтық әдебиет өкілдерінің (Ақтөбе өңірі бойынша) «Мен поэзиясы» арқылы қалыптастыру мәселелері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • И.Ж. Ермуханова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • З.У. Адильшинова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Кілт сөздер:

«Мен поэзиясы», Ақтөбе өңірі, аймақтық əдебиет, тəрбие, патриоттылық, елжандылық, Жөкей Шаңғытбайұлы, Сарышолақ Боранбайұлы

Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ақтөбе өңірі
ақындарының шығармаларында «Мен поэзиясының» көрініс табуы, оқушылардың бойында елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыруда аймақтық əдебиеттің таптырмас құрал екендігі туралы сөз болады. Мақаланың мақсаты оқушылардың бойында «Мен поэзиясын» қалыптастыру, адамның өзіндік бет-бейнесі, өзіндік стилі, өзі туралы көзқарастарын қалыптастыру, жастарды ұлттық рухта тəрбиелеу. Мақала тақырыбының маңыздылығы əлемдік жаһандану жағдайында тарихи жəне мəдени-рухани мұрамызды сақтап, көбейту арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімдерді дамыту. Мақала жазуда тарихи-этнографиялық, философиялық тұрғыдан талдау, салыстыру əдіснамалары пайдаланылды. Зерттеу жұмысының нəтижесі қазақ əдебиетіндегі көрнекті ақын-жыраулардың шығармалары арқылы «мен поэзиясының» нақты көрінісін байқау жəне болашақ ұрпақты ұлтжанды, рухы биік азамат ретінде тəрбиелеуге, елінің, жерінің намысын жоғары санайтын патриот азамат болуға жігерлендіру. Мақаланың ерекшелігі педагогика саласында тарихи, əдеби шығармаларды практикалық тұрғыдан салыстыра талдай отырып, балалардың бойында өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі жоғары қоюға, өзіне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған жұмыстардың бастау алғанын көрсету. Бастауыш сыныпта ұлы тұлғалардың «мен-дік» концепциясын бейнелей отырып, ұлылыққа, даралыққа талпыну жолдарын таңдар көрсету – балалардың индивидтік қабілетін аша алу.

Жүктеулер

Жарияланды

13.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ермуханова, И. ., & Адильшинова, З. . (2023). Оқушылардың бойында ұлтжандылық сезімін аймақтық әдебиет өкілдерінің (Ақтөбе өңірі бойынша) «Мен поэзиясы» арқылы қалыптастыру мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 140(3), 61–68. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1469

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика