Жалпы және арнайы білім беру саласында логопедтің кәсіби қызметі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.Н. Галиева І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Л.М. Садырқұл І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Кілт сөздер:

логопедия, логопед, арнайы білім беру, кəсіби қызмет, еңбек функциясы, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар, сөйлеу тіліндегі бұзылыстар, білім беру бағдарламасы

Аңдатпа

Мақалада логопедияның теориялық жəне практикалық бағытындағы
сұрақтар, жалпы жəне арнайы білім беру саласында логопедтің кəсіби қызметі ғылыми зерттеулер мен нақты білім беру жағдайында талданады. Логопедтің кəсіби қызметі бірнеше еңбек функцияларында қарастырылады.
Авторлар білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың əр санаты (дамудың ең көп кездесетін бұзылыстары сөйлеу тіліндегі бұзылыстары болып табылады) логопедтің сүйемелдеуін қажет ететіндіктен, логопедтің кəсіби қызметі тек қана жалпы білім беру мекемелері деңгейінде логопедиялық қолдауды ұйымдастырумен шектелмейді, ол бейімделген білім беру бағдарламалары бойынша мектептерде, аралас немесе өтемақы түріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда, медициналық ұйымдары, əлеуметтік сала ұйымдарында қызмет атқаратынына баса тоқталады жəне бүгінгі күні жалпы білім беру жүйесінің инклюзивті практикаға бағдарлануына байланысты инклюзивті білім беру аясындағы логопед-мұғалім жұмысының өзіндік ерекшеліктеріне де көңіл бөлген.
Зерттеу жұмысы аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, 6В019
(5В010500) – «Дефектология» білім беру бағдарламасының «Логопедия» жеке білім беру траекториясында даярланып жатқан студенттермен тəжірибелік жұмыс жүргізілген. 2019-2020 оқу жылындағы 6В019 (5В010500) – «Дефектология» мамандығының білім беру бағдарламасы негізге алынды. Авторлық «Логопедиялық технологиялар» атты арнайы курстың жұмыс бағдарламасы əзірленген.
Тəжірибелік эксперимент жұмысында Н.П. Фетискин əдістемесі, «Толеранттылық индексі» сауалнамасы, В.В. Бойко экспресс-диагностикасы, А.А. Реанның модификациясында К. Замфирдің кəсіби қызметінің мотивациясын анықтау əдістемесі зерттеу бағытына сəйкес бейімделген. Педагогикалық экспериментке «Логопедия» бағыты бойынша білім алатын күндізгі оқытудың IV курсының 12 студенті, 4 сарапшы, олардың ішінде практика əдіскерлері, педагогикалық практика жүргізілген мекемелердің логопедтері қатысты.

Жүктеулер

Жарияланды

13.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Галиева, А. ., & Садырқұл, Л. . (2023). Жалпы және арнайы білім беру саласында логопедтің кәсіби қызметі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 140(3), 102–113. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1475

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика