Инновациялық технологияларды қолдану арқылы «Мәдениет географиясы» элективті курсын оқыту
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
инновациялық технология, əдіс, элективті курс, мəдениет географиясыАңдатпа
Мақалада заманауи белсенді жəне интербелсенді оқыту технологияларын
қолдану негізінде елімізде мəдени мұра нысандарын қорғау жəне тиімді пайдалану, өсер ұрпаққа адамгершілік тəрбиесін беруде ерекше орын алатын «Мəдениет географиясын» таңдау пəнін оқыту барысында негізгі түсініктерді меңгертудің, білім алушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудың тиімді əдістері қарастырылған.
Ғылым мен технологиялар қарқынды дамыған, өзгермелі ақпараттық қоғамда білімалушының зияткерлік əлеуетін, талдау, жинақтау, бағалау дағдыларын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі аса қажетті жаңару педагогтың қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.
Мақалада жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныптар үшін «Мəдениет географиясы» элективті курсын инновациялық технологиялар арқылы оқыту жолдары ұсынылған. Сонымен қатар, «Өркениет ошақтары жəне оның таралуы» тақырыбында дайындалған сабақ жоспары берілген.






