Семантикалық парадигмаларды кәсіби бағытталған шет тілінде сөйлеуді дамытуда пайдалану
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
семантикалық парадигма; сөздік қорды байыту; коммуникативті құзы реттілік; оқыту бірліктері; кəсіби құзыреттілік; белсенді əдістерАңдатпа
Шет тілін үйренудің негізгі мақсаты сол тілде коммуникативтік құзырет
тілікті меңгеру. Ол үшін оқу процесінде сөйлеу құзыреттілігін дамытудың тиімді бірліктерін қолдану маңызды.
«Әдістемелік терминдер мен ұғымдардың жаңа сөздігінде (тілдерді оқытудың теориясы мен практикасы) « сөйлеу құзыреттілігі коммуникативтік құзыреттіліктің құрамына кіреді. Бұл тіл арқылы ойларды қалыптастыру жəне тұжырымдау тəсілдерін меңгеруді, сондай-ақ сол тəсілдерді сөйлеуді қабылдау мен қалыптастыру процесінде қолдана алуды білдіреді. Өз кезегінде, жоғары сынып оқушыларының мамандандырылған шет тіліндегі сөйлеуін дамыту кəсіби ойлау ерекшеліктерін ескере отырып, нақты кəсіби, іскерлік, ғылыми салаларда жəне жағдайларда шет тіліндегі қарым-қатынас қабілетін қалыптастыруды көздейтін шет тілін оқытуға кəсіби бағытталған тəсілді қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл тəсілді орта мектепте ағылшын тілінде оқытылатын биология, химия, физика сабақтарында қолдануға болады.
Білім беру, лингвистика, əдістеме саласындағы ғылымның белсенді дамуына байланысты негізгі пəн ретінде де, шет тілінде оқытылатын пəндер ретінде де шет тілін оқытуда жаңа жəне тиімді əдістерді іздеуге жəне қолдануға көбірек көңіл бөлінуде.
Біз өз зерттеуімізде шет тілін оқытудың заманауи технологияларына жоғары сынып оқушыларының кəсіби бағытталған шет тілдінде сөйлеуін дамыту кезінде сөздік қорды байыту үшін семантикалық парадигмалардың элементтерін оқыту бірлігі ретінде енгізуді ұсынамыз. Семантикалық парадигмалар - бұл семантикалық жақындыққа немесе қарама-қайшылыққа негізделген лексикалық топтар, тіпті ресми сəйкестілік жəне кең мағынадағы семантикалық қашықтық (омонимия жағдайлары), олардың компоненттері белгілі бір негізде бір-бірімен байланысты. 10 сыныптың ағылшын тілінде ұсынылған биология оқулығын талдау негізінде шет тілінің əртүрлі оқыту технологияларына семантикалық парадигмаларды қолдану арқылы құрастырылған жаттығулар ұсынылды.






