Қашықтықтан оқыту жағдайында STEM технологиясын қолдану ерекшеліктері
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
STEM, STEM білімі, интеграцияланған оқыту, қашықтықтан оқыту, оқытушылардың құзыреттілігіАңдатпа
Мақалада STEM технологиясын қашықтықтан оқытуда қолданудағы отандық және шетелдік тәжірибе қарастырылады. Пәнаралық тәсілдің маңыздылығына, оқытушылардың құзыреттілігіне, оқушылар мен студенттердің құзыреттілігіне қатысты түйінді проблемалар анықталды. STEM білім беруді қолданудың артықшылықтарына пән мұғалімдерінің ғана емес, сгнымен қатар оқушылардың да ағылшын тілін меңгеруін жақсарту, әдістемелік тәжірибе жинау, оқыту кезінде кодтарды ауыстыруды пайдалану, сондай-ақ интеграцияланған оқытудың басқа тәсілдері жатады. STEM білім беру проблемаларының ықтимал шешімдерінің арасында STEM оқыту бойынша бірыңғай стандартты әзірлеу, оқу бағдарламаларына жаңа STEM пәндерін енгізу, пән оқытушыларының онлайн-білім беру мен цифрлық оқытуға дайындығына қолдау көрсету, студенттерді STEM онлайн-курстарына белсенді тарту әдістерін пайдалану және оқушылардың оқуға деген ынтасын тұрақты қолдау қажеттігі атап өтіледі.






