Ұлттық құндылық негізінде қалыптасқан болашақ маманның тұлғалық келбеті
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
ұлттық құндылықтар, маман, этнос, мектеп, рухани тәрбие, болашақ жастар, тұлғаАңдатпа
Ұлттық құндылық – әр ұлттың ғасырлар бойы адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ру
хани байлығы. Қазіргі заман талабына сай, тәлімгерлер педагогикалық-психологиялық тұрғыда жас мамандарға, жалпы жастарға түзу, анық, мәдениеті берік жол көрсетуі қажет. Тәлім алушылардың ұлттық құндылықтарға деген көзқарасы мен ұлттық сана-сезімін көтеру арқылы болашақ жастардың ұлтымызға деген жанашырлық, сүйіспеншілік қасиетін одан әрі дамыта аламыз. Бұл ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты қоғамның сабақтастығын сақтауда өте маңызды қызмет атқаратын құндылықтық білімнің қай жерде берілуі керектігіне және неліктен сол жерде берілуі көп пайдалы болатындығына байланысты көзқарастарды ғылыми айналымға шығарып талдау. Осы мақсатта 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының түрлі 30 мектебінде қызмет атқаратын 257 мұғаліміне «Жартылай құрылымды сұхбат» және «Болашақ маманның тұлғалық келбетін ұлттық негізде қалыптастыру» жобасы аясында сауалнама жүргізілді. Ғылыми жұмыста сапалы зерттеу әдістерінің бірі феноменологиялық тәсіл қолданылды. Ғылыми зерттеудің сенімділігі Милль және Хаберманның формуласын (сенімділік=көзқарастар жиынтығы/көзқарастар жиынтығы + көзқарастар әртүрлілігі) қолдана отырып шығарылды. Бұл ғылыми зерттеу жұмысының сенімділік көрсеткіші 0,87 болып есептелді. Шығарылған нәтижелер бойынша мектеп мұғалімдерінің көпшілігі (n=166) құндылықтық білімнің отбасы мен мектепте көбірек берілуі керектігіне сенім білдірді. Сондай-ақ, мектеп мұғалімдері отбасыда берілген құндылықтық білім мектепте және әлеуметтік ортада қолдау табуы тиістігін дұрыс деп тапты. Құндылықты тану нәтижесінде студенттер отансүйгіштікті, ұлтжандылықты қалыптастырады, азаматтық болмысы жетіледі.






