Кәмелет жасына толмағандарға мониторинг және психологиялық көмек көрсету жүйесі: кешенді тәсіл


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Б.Ж. Куандыкова Тұран Университеті
  • А.А. Давлетова Қазақ психологиялық қоғамы
  • А.К. Есимбекова Жануя отбасы қолдау орталығы
  • О.С. Сангилбаев Тұран университеті

Кілт сөздер:

кешенді тәсіл, диагностика, кәмелетке толмағандар, педагог-психологтар, аутодеструктивті мінез-құлық, психокоррекциялық жұмыс

Аңдатпа

Бұл мақалада біз кәмелетке толмағандарға мониторинг пен психологиялық көмектің барлық жүйесін, яғни кешенді тәсілді ұсынған зерттеу сипатталған. Бұл бағдарламаның басты артықшылығы - 25-40 минут ішінде студент берілген сұрақтарға жауап бере алады, ал жүйе оқушының психикалық жағдайын анықтауға және сол арқылы отбасының психологиялық портретін жасауға болатын нәтижелерді автоматты түрде есептейді. Тестілеуден 10 279 адам өтті, оның ішінде «жоғары тәуекел аймағында» - 232 оқушы, «жасырын тәуекел аймағында» - 3 451 кәмелетке толмаған бала, «норма» көрсеткіші 6 551 адамда анықталды. Кәмелетке толмағандарға оқыту және психокоррекциялық көмек
көрсету жүргізілгеннен кейін «жоғары тәуекел аймағында» – 48 адам, «жасырын тәуекел аймағында» - 706 бала болды, ал «норма» жалпы аймағы 1455 оқушыға артты. Айта кету керек, жүргізілген психокоррекциялық іс-шаралардан кейін қауіп аймақтарында балалар санының жалпы төмендеуі орын алды. Осылайша, біз әзірлеген «Ресурс» педагог-психологтардың біліктілігін арттыру» курсының бағдарламасы KӨЖ-да қалған білім алушылармен жұмыстың мақсаттарына, мазмұнына, нысандарына, әдістеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, педагог-психологтардың кәсіби және жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Куандыкова, Б. ., Давлетова, А. ., Есимбекова, А. ., & Сангилбаев, О. . (2023). Кәмелет жасына толмағандарға мониторинг және психологиялық көмек көрсету жүйесі: кешенді тәсіл. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 139(2), 354–367. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1548

Журналдың саны

Бөлім

Психология