Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөзжасам дағдыларын қалыптастырудағы логопедиялық жұмыс әдістемесі мен мазмұны


Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • Г.Б. Ибатова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

жалпы сөйлеу тілінің дамымауы, сөзжасам дағдыларын қалыптастыру, сөзжасамды дамыту, туынды сөз, түрлендіруші сөз, әдістемелер, түзете-дамыту педагогикалық жұмысы, мектепте оқу

Аңдатпа

Мақалада мектеп жасына дейінгі ана тілінде сөйлейтін, жалпы сөйлеу тілі
дамымаған балалардың сөзжасам дағдыларын қалыптастыруға арналған логопедиялық
жұмыстың әдістемесі мен мазмұны ұсынылған. Мектепке дейінгі жаста балалардың
сөйлеу тілі бұзылыстарының ішінде жиі тараған және күрделі түріне жататыны жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ары қарай ЖСТД) болып саналады. «Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы» - есту қабілеті және зияты сақталған жағдайдағы сөйлеу тілінің барлық
құрама компоненттерінің (фонетикалық, фонематикалық және лексикалық – грамматикалық жақтарының) жүйелі бұзылуын атайды. Оның ішінде грамматикалық жағы,
әсіресе сөзжасамының қалыптаспауы аса байқалады. Оның салдарынан баланың байланыстырып сөйлеуі, кейін жазбаша сөйлеуіне де кері әсерін тигізіп, баланың сөз арқылы қарым-қатынас жасауы қиындайды. Сондықтан біз, ЖСТД балалармен жүргізілетін
қалыптастыру және түзете-дамыту жұмысында сөзжасамды қалыптастыруға ерекше
көңіл бөліп, кезеңдерге бөліп отырмыз. ЖСТД балалардың сөзжасам дағдыларын қалыптастыруды біз төрт кезеңді бөліп көрсеттік. Қойылған міндеттерді шешу мақсатында сөзжасам дағдыларын қалыптастыру бірнеше сатыларда іске асырылды.
Нәтижесінде, біз ұсынған, мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөзжасам дағдыларын қалыптастырудың әдістемесі мен мазмұны аталған балалардың мектепте оқуға қажетті сөйлеу тілі мен когнитивті біліктерінің дамуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибатова, Г. . (2023). Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөзжасам дағдыларын қалыптастырудағы логопедиялық жұмыс әдістемесі мен мазмұны. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 34–40. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1556

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика