Жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың сөзжасам дағдыларын зерттеу әдістемесі
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
мектеп жасына дейінгі балалар, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы, сөзжасам дағдылары, тексеру әдістемелері, грамматикалық категориялар, тапсырмалар сериялары, нәтиже, талдауАңдатпа
Мақалада мектепке жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілі бұзылыстары, оның
ішінде жиі таралғаны, жалпы сөйлеу тілінің дамымаған балалардың сөзжасам дағдыларын тексеруге арналған әдістемелер және сипаттамалары ұсынылған.
Мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі кездесетін тіл кемшілігінің түрі – ол жалпы сөйлеу тілінің дамымауы. «Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы» - есту қабілеті және зияты сақталған жағдайдағы сөйлеу тілінің барлық құрама компоненттерінің (фонетикалық, фонематикалық және лексикалық – грамматикалық жақтарының) жүйелі бұзылуын атайды [1]. Сөйлеу тілінің мұндай бұзылысында балалардың сөйлеу тілінде жұрнақ, жалғауларды дұрыс қолдана алмау, сөйлем құрауы мен байланыстырып сөйлеу сияқты дағдылары жетілмеген, яғни грамматикалық дағдылары әлсіз дамыған. Ол өз
кезегінде, кейін балада жазу дағдысының дұрыс қалыптасуына кері әсерін тигізеді, бала тіл арқылы құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасауда қиналатын болады, әлеуметке кірігуіне, мектепте оқуына кедергі жасайды.
Сонымен қоса, аталған тіл кемістігіне байланысты, сөйлеу тіл құралдарының жетілмеуі танымдық пен эмоциялы-ерік аясының деңгейін төмендетеді де, мектеп бағдарламасын меңгерудегі қиындықтарға, әсіресе жазу мен оқуды игеруге кері әсерін тигізеді.
Осы себепті біз, жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың аталған дағдыларын тексеруге көңіл бөліп, арнайы әдістемелер құрастырып ұсынып отырмыз.






