Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудағы ассоциативті зерттеулер
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
ассоциативті зерттеулер, негізгі құндылықтар, орыс тілі шет тілі ретінде, лингводидактика, лингвомәдени құзыреттілік, семантикалық гештальтАңдатпа
Мақала негізгі құндылықтар жүйесі арқылы орыс тілін шет тілі ретінде меңгеруші білім алушылардың лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастырудың инновациялық тиімді тәсілдері ретінде орыс тілі сабағында ассоциативті эксперименттердің нәтижелерін қолдану әдістемесін сипаттауға
арналған. Авторлар ұсынған әдістеме лингвистикалық сананың заманауи лингводидактикалық және психолингвистикалық зерттеулеріне және егеменді Қазақстанның қазіргі жастары арасында құндылық басымдықтарын (негізгі құндылықтарды) қалыптастыруға негізделген. Тілді оқыту - бұл лингводидактикалық проблема, ол педагогикалық құзыреттілік принциптерін ескере отырып зерттеледі, ол өз кезегінде дидактикалық шарттар мен лингвомәдени құзыреттілікті дамыту жолдарын іздеуді анықтайды. Тілді
оқытуда ассоциативті материалдарды лингвомәдени құбылыс және этностың тілдік санасының архетиптерін тасымалдаушы ретінде ескеру мен қолдану тиімділігі мен қажеттілігі туралы идеяны негізге ала отырып, авторлар көркем шығармалар мәтіндеріне жүгінеді және оқу процесінде дидактикалық мақсат
та ассоциативті зерттеу материалдарын қолдануды ұсынады.






