«Жасыл» университеттерді қалыптастыру үрдісінде экологиялық мәдениет пен білім беру компоненттерін іске асыру мүмкіндіктері
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
экологиялық тәрбие, экологиялық білім, экологиялық мәдениет, қоршаған орта, білім беру тұжырымдамалары, білім беру принциптеріАңдатпа
Мақала Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіндегі экологиялық білім
және экологиялық мәдениет мәселелеріне арналған. Жастарға экологиялық білім беру – жоғары мектептің құзыреті. Теориялық талдауда жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениеті мен экологиялық білімін қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістері берілген. Авторлардың пікірінше, экологиялық білім жалпы білімнің бір бөлігі ретінде мәдениеттің негізгі құндылықтарының тасымалдаушысы болып табылады және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру ісінде ажырамас бөлігі. Зерттеу барысында біз талдау, синтез әдісін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының сабақтастығы, кешенді тәсіл контекстінде экологиялық мәдениет пен білім беру компоненттерін есепке алу бойынша ғылыми-зерттеу және педагогикалық тәжірибені қолдандық. Контенттің тұрақтылығын белгілеу және білім беру бағдарламаларыбойынша нәтижелердің тұрақтылығын интеграциялау мақсатында қолданыстағы модульдер мен жалпы университеттік курстардың мазмұны қарастырылды. Олардың
өзара әрекеттесуіндегі принциптердің белгілі бір жиынтығы экологиялық және кәсіптік білім беру жүйесін құру үрдісіне тұтас сипаттама береді, жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Осы міндеттерді орындау шеңберінде БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына сәйкес ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстандағы «жасыл» университеттердің тұрақты дамуының негізгі аспектілері әзірленді.






