Инновациялық ойлау: болашақ педагог-психологтердің инновациялық ойлау түрін анықтау
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
инновациялық ойлау, инновациялық ойлау түрлері, инновациялық тұлға, адаптивті-инновациялық танымдық стиль, адаптор, инноватор, педагог-инноваторАңдатпа
Мақала инновациялық ойлаудың болашақ педагог-психологтер үшін маңызды аспекттердің бірі болып табылатындығы және инновациялық ойлау түрлерінің арасындағы айырмашылықтар жөнінде. Жоғары технологиялардың дамуы мен кез-келген мемлекеттің экономикасының айнымас бір бөлігі болып табылатындықтан, болашақ мамандар үшін, әсіресе, педагог-психологтерді міндеті өте өзекті мәселе.
Жүргізген зерттеудің мақсаты – болашақ педагог-психологтердің қазіргі білім алу жағдайындағы инновациялық ойлаудың қай түріне жататынын анықтау болды. «Инновация» және осы ұғымға қатысты бірнеше түсініктер талданды, сондай-ақ инновациялық ойлау мен оның түрлері жөнінде кеңірек ақпарат берілді. Инновациялық ойлаудың төрт кезеңдері қарастырылады және негізгі сипаттамаларына шолу жасалынды.
Зерттеу Киртонның инновациялық ойлау типін (Kirton Adaption-Innovation Inventory) анықтауға арналған сауалнамасы негізінде жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде, болашақ педагог-психологтердің инновациялық ойлау түрлері анықталып, сараланды.






