Болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерліктерін жетілдірудегі медибілімнің әлеуеті
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
медиабілім, гностикалық іскерліктер, медиабілім әлеуеті, болашақ әлеуметтік педагогАңдатпа
Болашақ әлеуметтік педагогті дайындау үдерісі жан-жақты мазмұндық
және процессуалдық мәселелерді шешуді көздейді. Жаңа мазмұндағы педагог кадрларын дайындаудың мемлекеттік стандарттарына сай дайындалған мамандықтардың білім беру бағдарламалары, болашақ әлеуметтік педагогтің өз саласында жоғары іскерлікке ие болуын көздейді. Осыған сәйке, медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің мазмұндық дайындығын нәтижелі деңгейде жүргізуге гностикалық іскерлігін жетілдіру
қажеттілігі туындауда. Болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде дамуы және кәсіби жетілуі үшін жағдайлар жасау ескерілуі қажет, медиабілім жағдайында болашақ маманның гностикалық іскерлігін жетілдіруде жаңа парадигмалық тәсілдер мен әдістер кеңінен қарастырылуы шарт. Оның ішінде тұлғаның және жалпы қоғамның белгілі бір даму деңгейіне қол жеткізетін медиабілім берудің жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше назар аударылуы қажет. Демек, болашақ әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметінде гностикалық іскерліктерді медиабілім беру әлеуетінде пайдалану қажеттілігі бар. Бұл мақалада болашақ әлеуметтік педагог қызметінің ерекшелігіне байланысты медиа контекстегі гностикалық іскерліктердің маңызды компоненттері менмедиабілім әлеуетінің мазмұндық сипаттамасы беріледі. Медиа әлемі пайдаланушыларға медиа кеңістікке белсенді қатысу үшін шексіз мүмкіндіктер береді.






