Қазақстан мектептерінде және шетелдік тәжірибе бойынша дарынды балаларды анықтау, қолдау және оқыту
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
дарындылық, мектеп оқушылары, интеллектуалдық олимпиадалар, байқаулар, «Дарын» РҒПО, ҚР БҒМАңдатпа
Дарынды балалармен жұмыс тақырыбы қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Президентінің соңғы жолдауын ескере отырып өте өзекті мәселеге айналды. Бүгінде көптеген мамандар адами капиталға, талантты жастарға инвестиция салатын уақыт жетті деп санайды. Кадрлық саясаттың дамуы меритократиялық принципті қамтуы тиіс, бұл кезде білікті мамандар қоғамның барлық саласында жұмыс істейтін болады. Дарынды балаларды мектеп жасында анықтау, қолдау және одан әрі тәрбиелеу маңызды болып табылатыны сөзсіз. Бұл тұжырымдарды еліміздің саяси, ғылыми элита мен кәсіпкерлер қауымдастығы қолдайды. Бүгінде шетелдік тәжірибе үлгісінде халықаралық және мамандандырылған мектептер салынып, еліміздің түкпір -түкпірінен дарынды балаларды оқыту отандық тәжірибесі кең таралуда. Бұл мақалада дарынды балаларды қазақстандық мектептерде оқыту мен қолдау талданған және Сингапур, АҚШ, Франция, Германия, Англия және басқа елдердің мысалында дарынды балаларға кәсіби стандарттарды қолданудың шетелдік тәжірибесі сипатталған.
Мақалада нормативтік құқықтық актілер, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы мұрағаттары мен дарынды балалармен жұмыс жасаудың шетелдік тәжірибесі зерделенді.






