Интеллектуалды оқыту жүйелеріндегі ықтималды графикалық модельдер


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • С.А. Абдыманапов Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
  • С.А. Алтынбек Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
  • Н. Ұзаққызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, байланыс графигі, Байес желісі, Байес тұжырымы

Аңдатпа

Жұмыста зияткерлік талдау бөлігіндегі негізгі компонент ретінде графикалық ықтималдық моделін қолдана отырып, зияткерлік оқыту жүйесін (ИСО) құру немесе әзірлеу мәселесі бойынша зерттеулерге шолу жасалады. Интеллектуалды оқыту жүйесі – бұл жасанды интеллект компонентін қамтитын білім беру бағдарламасы. Онлайн режимінде қашықтан оқыту мәселелері сипатталады. Онлайн режимінде тиімді оқу материалдарын әзірлеу үшін білім беру теориясының негіздерін жүйелеу талқыланады. Мақалада ықтималдылық графикалық модельдерінің құрылымы, үлестірудің графикалық көріністерінің екі түрі (Байес желілері, Марков желілері) сипатталған. Онлайн режимінде қашықтан оқытудың зияткерлік жүйесін әзірлеу моделі ұсынылады. Сондай-ақ, жұмыста жасанды жүйені әзірлеу кезінде туындауы мүмкін проблемалар айтылған.

Жүктеулер

Жарияланды

17.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдыманапов, С. ., Алтынбек, С. ., & Ұзаққызы, Н. . (2021). Интеллектуалды оқыту жүйелеріндегі ықтималды графикалық модельдер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 137(4), 131–139. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1636

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика