Ақпараттық-білім беру ортасын бастауыш мектепте smart-білім беру жағдайында қолдану


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.Б. Ибашова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Р.И. Кадирбаева Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Л.А. Сулейменова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

білім беру ортасы, ақпараттық-білім беру ортасы, АКТ, бастауыш мектеп, Smart-білім беру

Аңдатпа

Бастауыш сынып оқушыларының алгоритмдік ойлау стилін қалыптастырудағы информатика пәнінің рөлін, Smart-білім беру жағдайы мен информатикада «Scratch» және «Робототехника» тақырыптарын оқытуда ақпараттық-білім беру ортасын қолданудың маңызын анықтау мақсатында Шымкент қаласының информатика мұғалімдері мен ата-аналарға сауалнама жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының информатика сабақтарында алгоритмдік ойлауды
қалыптастыру қажеттілігін, Smart-білім беру үшін информатика кабинетін толық материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мұғалімдердің Smart-білім беру жағдайында жұмыс істеуге дайындығын көрсетті. Мұғалімдер оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелік әзірлемелердің жеткіліксіздігіне (қазақ тілінде) қарамастан, бастауыш сыныптарда «Scratch» және «Робототехника» тақырыптарын зерттеудің маңыздылығын және осы курстарға арналған қарапайым және көрнекі орындаушылар мен ақпараттық-білім беру ортасын құрудың қажеттілігін көрсетті.
Зерттеу барысында Smart-білім беру жағдайына арналған әлемдік әдебиеттерге талдау жасалды және бастауыш сынып оқушыларының алгоритмдік ойлау стилін қалыптастырудағы информатика пәнінің рөлі, Smart-білім беру жағдайы мен «Scratch» және «Робототехника» тақырыптарын оқытуда ақпараттық-білім беру ортасын қолданудың
маңызы жайлы сауалнама нәтижелері бастауыш мектепке арналған ақпараттық-білім беру ортасының қажеттілігін, ал оның болмауы Smart-білім беру жағдайына көшуді баяулатады деген қорытынды жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

17.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибашова, А. ., Кадирбаева, Р. ., & Сулейменова, Л. . (2021). Ақпараттық-білім беру ортасын бастауыш мектепте smart-білім беру жағдайында қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 137(4), 200–209. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1644

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика