Инклюзивті сынып оқушыларының тұлғааралық қатыныстарын қалыптастыру
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
инклюзивті білім беру, инклюзивті сынып оқушылары, оқушылардың тұлғааралық қатынастары, инклюзивті мектептегі қарым-қатынасАңдатпа
Бұл мақалада еліміздегі қазіргі инклюзивті білім беретін мектеп оқушыларының сыныптағы тұлғааралық, достық қатынастарын, олардың сынып ішіндегі бірбірімен әрекеттесуі, қарым-қатынас құруы, олардың инклюзивті ортаға бейімделуі және мұғалім мен ата-аналарымен қарым-қатынас құру деңгейін анықтауға бағытталған. Қазіргі таңда отандық жалпы білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді жанжақты дамыту қолға алынып жатқанымен, мектептегі жалпы педагогикалық тәжірибеде оның әлі де қамтылмаған тұстары да бар. Мақалада инклюзивті білім берудегі
оқушылардың қарым-қатынасы мәселесіне арналған шетелдік, ресейлік еңбектерге талдау жасалынып, оның мәні, маңызы және психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері айқындалған. Қазіргі мектеп жасындағы балалардың инклюзия жағдайында тұлғааралық қарым-қатынастарының қалыптасу деңгейі, инклюзивті білім беретін мектеп оқушыларының өз мектебі мен сыныбына қатынасы, күнделікті білім алу жағдайындағы өзара
әрекеттесуі, оқушылар арасындағы қарым-қатынас, мүмкіндігі шектеулі және дені сау балалар арасындағы достық, жанашырлық қарым-қатынастың қалыптасуы, мұғалім мен ата-аналарымен қарым-қатынастарын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу нәтижесіне талдау жасалған. Сынып оқушыларының барлық іс-әрекеттерін біріктіруге, оларды әлеуметтендіру және тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған білім алушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттерінің формалары ұсынылды. Инклюзивті сынып
оқушыларының тұлғааралық қатынастарын қалыптастырудың әдістемесі ұсынылып, оны нығайтудың жаңа мүмкіндіктері анықталды.






