Мектепке дейінгі ересек топ балаларына патриоттық тәрбие беруде батырлар жырын оқытудың тиімділігі
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
мектепке дейінгі балалар, батырлар жыры, патриоттық сезім, заманауи әдістер, жаңа технологиялар, мектепке дейінгі тәрбиеАңдатпа
Мақалада батырлар жырының мектепке дейінгі балаға әсері туралы жанжақты тоқталып, батырлар жыры арқылы рухшылдыққа тәрбиелеудің педагогикалық әдістері қарастырылады. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалары батырлар жырлары негізінде оқытылса, балалардың тектік танымын сапалы меңгеру қабілеті дамиды, қиял өрісі кеңейеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың еркін ойлауына ықпал жасап,болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына оң әсерін тигізеді.
Бала мектепке барғанда әдебиетті игеру дағдылары дамиды, ана тілінде дұрыс сөйлеу дағдылары да жетіледі. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының жас ерекшелігі ескеріліп,тиімді әдістер ұсынылды. Батырлар жырын мектепке дейінгі ұйым бағдарламаларына сәйкес, оқыту маңыздылығы артып отыр.






