Әлеуметтануда ерлер белсіздігінің зерттелуі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Ф.М. Аширбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

ерлер белсіздігі, ауру, денсаулық, отбасы, репродуктивті мінез-құлық, әлеуметтік кеңістік

Аңдатпа

Халықтың репродуктивтік денсаулығының жағдайы - қоғамдық-саяси мүдде ретінде тек медициналық ғана емес, әлеуметтік мәселе. Мақалада ерлер белсіздігі мәселесінің әлеуметтануда зерттелуі туралы баяндалады. Отбасы және неке институтындағы негізгі мәселенің бірі ерлер мен әйелдердің фертилдік қабілетінің төмендеуі демографиялық дамудың репродуктивті мүмкіндіктерін төмендететін туу деңгейіне тікелей ықпал ететін және фертилдікті анықтайтын негізгі детерминант — бала туудың табиғи қабілеті екені сөзсіз. Мақалада ерлер денсаулығына қатысты шетелдік
зерттеушілердің еңбектері қарастырылған. Бұл мақала белсіздіктен туындайтын мәселелердің салдары туралы білімді толықтырады.
Ерлер белсіздігін зерттеу отбасы институтының өмірлік әлемін қалыптастырудағы әлеуметтік-мәдени контексттің маңыздылығы тұрғысынан зерттеуді қажет етіп отыр, себебі отбасындағы балалы болу мәселесі қазіргі күнге дейін тек «әйелдер мәселесі» ретінде қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аширбаева, Ф. . (2024). Әлеуметтануда ерлер белсіздігінің зерттелуі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 136(3), 282–288. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1711

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану