Студенттердің мұрағат материалдарын тарих сабағында қолдану диагностикасы және перспективалары


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Г.Б. Жәкібаева Павлодар педагогикалық университеті
  • В.К. Омарова Павлодар педагогикалық университеті
  • Г.Е. Отепова Павлодар педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

білім беру, мұрағат құжаттары, тарихи дерек көздері, студенттердің ғылыми-зерттеу әрікеттері

Аңдатпа

Бұл мақалада студенттердің мұрағат материалдарын тарих сабағында қолдану диагностикасы және перспективалары көрсетілген. Сонымен қатар тарихи дереккөздердің маңызы, тарихи құжаттармен жұмысты ұйымдастыру процесінде студенттер бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудағы рөлі ашылды. Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасау барысында студенттер арасында ойлау мен қиял процесі белсендіріледі, бұл тарихи білімді игеруге және тарихи сананың дамуына ықпал етеді. Студенттерде өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптасады: құжаттарды оқу, ақпаратты талдау және шығару, сонымен қатар құжаттардың құндылығын бағалау. Бұл мақалада Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Тарих-дінтану», «Тарих-география» мамандықтарының 147 студентінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсетілген. Сауалнама Google Forms платформасы негізінде Whatsapp қосымшасының көмегімен жүргізілді. XIX-шы ғасырдың ортасында Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы туралы мұрағат құжаттарын зерттеген студенттердің жұмысына талдау жасалды, тарихи құжаттармен жұмыс жасаудың негізгі әдістері ашылды. Талдау көрсеткендей, студенттер тек жұмыстың негізгі техникасымен таныс: анықтамалардан, ұғымдардан үзінділер, мәтіннің негізгі идеясын және ұжымдық талдауын істей алады. Алынған нәтижелер мәселелерді анықтауға және тарих мамандығының студенттерімен жұмысты әрі қарай жобалауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

17.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жәкібаева, Г. ., Омарова, В. ., & Отепова, Г. . (2023). Студенттердің мұрағат материалдарын тарих сабағында қолдану диагностикасы және перспективалары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 135(2), 61–70. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1719

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика