Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыру үдерісінің мазмұны
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
құзыреттілік, тәсіл, құндылық-мотивациялық компонент, мазмұнды компонент, технологиялық компонентАңдатпа
Мақала диссертациялық зерттеудің материалдарына негізделген, онда Start-up жобаларын жоспарлайтын білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ оның мазмұнының теориялық негіздемесі қарастырылады. Авторлардың пікірінше, зерттеу құзыреттерін қалыптастыру үдерісінің мазмұнын анықтау үшін қажетті құзыреттерді қалыптастырудың негізгі компоненттерін анықтау қажет болды, бұл өз кезегінде осы үдерісті модельдеуге мүмкіндік берді. Әрі қарай, алынған модель негізінде авторлар зерттеу құзіреттілігінің қалыптасу көрсеткіштерін, олардың критерийлерін, сондай-ақ пайызбен көрсетілген деңгейлерді ұсынды. Осылайша, жүргізілген зерттеу авторларға білім алушылардың зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінің мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді, бұл болашақта Start-up жобаларын жоспарлайтын білім алушылардың зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық моделін құруға мүмкіндік береді.






