Қашықтық технологияларын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастырудың әдістемелік аспектілері
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
қашықтықтан оқыту түрі; инновациялық білім беру технологиялары; бейнеконференттік жүйе; Интернет-платформа; электрондық оқытуАңдатпа
Мақалада қазіргі уақытта туындаған білім беру жүйесінің қашықтықтан оқыту форматына көшу шарттары және осы ауысуға байланысты қиындықтар мен оларды шешу жолдары қарастырылады. Мақала білім беру процесінде заманауи Интернет-ресурстар мен платформаларды қолданудың
әдістемелік аспектілеріне арналған. Автор сабақ өткізу кезінде оқытушылар пайдаланатын Интернет-ресурстар мен платформаларға жүргізілген талдау нәтижелерін ұсынады, қазіргі ұрпақтан ақпаратты қабылдау, меңгеру ерекшеліктерін келтіреді, қашықтықтан оқыту нысанында оқу процесін жоспарлау аспектілерін егжей-тегжейлі қарайды, оқыту процесін ұйымдастыру кезінде оқытушылар назар аударуы қажет негізгі ойларды сипаттайды. Бұл мақалада заманауи Интернет-ресурстар мен білім беру платформаларын қолдана отырып, автордың онлайн форматта өткізген сабағының мысалы келтірілген.
Автор қашықтықтан оқыту формасының дәстүрлі оқыту түрінде жүзеге асырылмайтын айтарлықтай айырмашылықтары бар деген қорытындыға келеді. Қашықтықтан оқыту процесіне шұғыл көшудің негізгі көрсеткіші электрондық оқыту мен қашықтықтан білім беру технологияларын біріктіретін аралас оқытуды қолдану болып табылады. Қашықтықтан оқыту нысанының тиімділігі білім алушылардың оқу дербестігін, оқу процесінде жоспарлау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға негізделеді.






