Covid-19 пандемиясының білім беру жүйесіне әсері
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
COVID-19, онлайн білім беру, қашықтықтан оқыту, дәстүрлі білім беру, білім беру үдерісіАңдатпа
Мақала қазіргі білім берудегі өзекті мәселе – онлайн оқытуға арналған. Мақаланың басты мақсаты - білім берудің жаңа түрі ретінде онлайн және қашықтықтан оқытуды негіздеу. Мақалада білім беру формалары талданып, қашықтықтан оқытудың негізгі бағыттары көрсетілген. Онлайн білім берудің тиімділігі, курстарды жобалау мен жүзеге асырудың негізінде жатқан педагогикалық технологияларды қолдану арқылы анықталатыны көрсетілген. Әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясы кезінде барлық салалардың ақпараттық қоғамның талаптарына сәйкес мәжбүрлі шектеу шараларынан туындаған процестер жеделдетілді. Экономиканың барлық дерлік салалары қашықтықтан онлайн жұмыс істеуге көшу қажеттілігіне тап болды, бірақ білім беру жүйесі ең ауыр соққыны алды. Қашықтан оқыту
форматына жаппай көшу жоғары білім беру бағдарламаларының қашықтық форматындағы бірқатар мәселелер мен қайшылықтарды анықтады.






