Шетелдік студенттердің жаңа әлеуметтік ортаға бейімделуінің психологиялық факторлары


Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • К.Б. Сматова М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • С.К. Алимбаева М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Кілт сөздер:

тұлға, бейімделу, жетістік, қарым-қатынас, өзін-өзі тәрбиелеу, психологиялық иммунитет, мінез тұрақтылығы, мінез-құлық акцентуациясы

Аңдатпа

Мақалада студенттердің жаңа әлеуметтік ортаға бейімделуі қай кезеңде болмасын аса өзекті проблемалардың қатарында және бұл процесс күрделі құрылымға ие бола отырып, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік деңгейлерде жүзеге асырылатындығы негізделген. Шетелдік студенттердің
сапалы білім, саналы тәрбие және кәсіби біліктерді меңгеруі – олардың жоғары оқу орнына, жаңа ортаға бейімделуінің сәтті болуымен түсіндірілген. Шетелдік студенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне әсер ететін мынадай психологиялық факторлар: қарым-қатынас, өзін-өзі тәрбиелеу және мінез тұрақтылығын дамыту анықталып, мәні ашылған. Қарым-қатынас – әлеуметтік-психологиялық ахуал мен тұлға ретінде қалыптасудың басты құралы екендігі; өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі оның өзөзімен үйлесімді әрекетін көрсететіндігі; мінез тұрақтылығын дамыту арқылы жетістіктерге қол жеткізуге болатындығы дәлелденген. Студенттердің қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу және мінез-құлық акцентуациясын анықтау арнайы әдістеме арқылы жүргізілген. Мақалада студенттердің мінез-құлық екпінін анықтауға және қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған Леонард-Шмишектің шетелдік студенттер арасында өткізілген тестінің нәтижелері келтірілген. Диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша жұмыс анықталған субъектілермен түзету және дамыту бағытында жүргізілді, бұл айтарлықтай және пайдалы нәтиже берді. Зерттеу барысында субъектінің әлсіз жақтарын тиімді түзетуге бағытталған іс-шаралар кешені жасалды, мысалы, жоғары сезімталдық, қорқыныштың жоғары деңгейі
және мінез-құлық тұрақсыздығының басым болуы. Студенттердің жаңа әлеуметтік ортаға психологиялық бейімделуінде басым болатын ашуланшақтық, қорқыныш деңгейі, мінез-құлық тұрақсыздығы сияқты мәселелерді психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру арқылы шешуге болатындығы анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

17.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сматова, К. ., & Алимбаева, С. . (2023). Шетелдік студенттердің жаңа әлеуметтік ортаға бейімделуінің психологиялық факторлары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 135(2), 315–325. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1746

Журналдың саны

Бөлім

Психология